29
январь
2021
"Мектептің әдістемелік жұмысындағы нормативті құжаттардың рәсімделуі"
ЖАС БАСШЫ ОРЫНБАСАРЛАРЫНА -
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

Семинарда білім бөлімі оқу-әдістемелік кабинетінің менгерушісі Атакулова Гүлжан Жадигеровна "Мектептің әдістемелік жұмысындағы нормативті құжаттардың рәсімделуі" тақырыбында ақпараттық сессия дайындап, жылдық жоспар, әдістемелік жұмыс бағыттары, норматиктік-құқықтық құжаттардың жүргізілуі, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары бойынша жұмыстың жүргізілуіне әдістемелік көмек көрсетті. Ә.Молдағұлова атындағы №28 орта мектебінің ғылыми-әдістемелік орынбасары Тойшибекова Толкын Байтумаевна мұғалімдердің кәсіптік рейтингін және аттестатциялық комиссия құжаттарын жүргізілуіне практикум көрсетсе, И.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясы директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Танкаева Карлығаш Токтарбаевна білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына тоқталып, өз тәжірибесімен бөлісті.





