27
январь
2021
ЖАС БАСШЫ ОРЫНБАСАРЛАРЫНА - ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

Тараз қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2020 жылғы 27 январь күні Ә.Молдағұлова атындағы №28 орта мектебінде қала мектептерінің ғылыми-әдістемелік орынбасарыларына арналған "Жас маман" мектебі жұмысын бастады. Іс-шараға жас мектеп директорының орынбасарлары мен профилактикалық бақылауға қойылған мектептердің орынбасарлары қамтылды.
Семинарда білім бөлімі оқу-әдістемелік кабинетінің менгерушісі Атакулова Гүлжан Жадигеровна "Мектептің әдістемелік жұмысындағы нормативті құжаттардың рәсімделуі" тақырыбында ақпараттық сессия дайындап, жылдық жоспар, әдістемелік жұмыс бағыттары, норматиктік-құқықтық құжаттардың жүргізілуі, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары бойынша жұмыстың жүргізілуіне әдістемелік көмек көрсетті. Ә.Молдағұлова атындағы №28 орта мектебінің ғылыми-әдістемелік орынбасары Тойшибекова Толкын Байтумаевна мұғалімдердің кәсіптік рейтингін және аттестатциялық комиссия құжаттарын жүргізілуіне практикум көрсетсе, И.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясы директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Танкаева Карлығаш Токтарбаевна білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына тоқталып, өз тәжірибесімен бөлісті.