12
октябрь
2023
ҰСТАЗ АТЫ МӘҢГІЛІК, ЖАДЫМДА ҚАЛАР ЖАҢҒЫРЫП
Ұстаз! Осы бір сөздің түбінде қаншама киелі құдірет, ұлағатты ұғым жатыр. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Сондықтан , Ұстаздар күні – орны бөлек, дәрежесі биік ұлағатты мереке.
5 октябрь-Ұстаздар күні қарсаңында №28орта мектебінде бітіруші түлектері мен ұстаздарды мерекелік көңіл-күймен қарсы алды.
Шара барысында мектеп бітіруші түлектер ұстаздарға арнап, жыр шумақтарын оқып, әсем әндер шырқады. Ұстаздар, мектеп өмірі жайлы көрініс қойылып, жиналған қауымның ыстық ықыласына бөленді.Мектеп түлектері бейнебаян арқылы ұстаздарға, алтын ұя мектебіне алғыстарын жаудырып, биылғы түлектерге сәттілік тіледі.