15
январь
2021
"Қыздар - елдің анасы" тақырыбында қыздар жиналысы
Ә.Молдағұлова атындағы #28мектебінде "Қыз жібек" клубының жоспарына сәйкес "Қыздар-елдің анасы" тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Мақсаты: қыздардың жүйелі білім мен медициналық қызметін алуы,зорлық-зомбылықтан қорғалуы бойынша құқықтарымен таныстыру.
Жиналыс ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өткізілді. Жиналыс барысында мектеп психологы-Хампиева М Р. "Есірткі-бұл адамның көңіл-күйін,сана-сезімін,мінез-құлқын бұзатын қауіпті,тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып,құмарлық желігіне ұшыратады"- деп өз баяндамсын бастады.Келесі сөз кезегін мектеп медбикесі-З.К.Кенжеғұлова жалғастырды.Соңынан ДТІЖО Ержанова Ш.М. қойылған сұрақтарға жауап берді.




