“Буккроссинг” акциясы
“Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Әлия Молдағұлова атындағы #28ортамектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен “Буккроссинг” атты акциясы өткізілуде. “Буккросинг” дегеніміз - кітаптың айналыста жүруі, үйде оқылып қойған, сөреде ескіріп шаң-тозаң болып тұрған кітапқа екінші өмір сыйлау. Мектептің бірінші қабатында “КІТАП” атты сөре орналасқан, сөреге көптеген кітаптар қойылған. Ата - аналардың балаларымен бірге отырып кітап оқуына барлық жағдай жасалған.