18
сентябрь
2023
Спорттық марафон
Ә.Молдағұлова атындағы №28 орта мектепте «Отбасы күні» мерекесі қарсаңында, 13.09.23.күні «Жүзден жүйрік» отбасылық, мектепішілік, спорттық марафон өтті.
Марафонға қатысқан ата-аналарды, оқушылар мен мұғалімдерді мектеп директорының м.а. Алиева Марина Гусейновна жеңімпаздарды марапаттады. Спорттық марафон өз деңгейінде өтті. Сонымен қатар 11-15 күндері аралығында «Отбасы бақыт мекені» тақырыбында тәрбие сағаттары өтілуде.
Спорт- көркі өмірдің,
Спорт – досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп толарсың,-демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік! Жаңа оқу жылында оқушыларға толағай табыс тілейміз!
