Медиа қауіпсіздік
Ә. Молдағұлова атындағы атындағы №28 орта мектебінде оқушылардың интернет желісіндегі ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналар мен оқушыларға чат арқылы «Информациятық кеңістіктегі баланың қауіпсіздігі» атты ақпараттық жадынама,парақшалар таратылды.
Түсіндірме жұмыстары барысында бала денсаулығына компьютердің зияны, оның психологиясына компьютерлік ойындардың кері әсері, компьютердегі әр түрлі сайттардың баланы теріс ағымға ойын бұратындығы туралы айтылды.
Балалар ғаламторда танысқан кез келген бейтаныс адаммен кездесуден қорқу керек.
Егер ғаламтордағы әлдебір сайтқа тіркелу керек болса, жеке басқа қатысты ақпараттарды беруге болмайды.
Ғаламтордағы барлық ақпараттарға сене беруге болмайды. Информациятың дұрыс-бұрыстығына көз жеткізіп алу керек.
Ғаламтор желісіне қосылған компьютер отбасы мүшелеріне ортақ бөлмеде, ата-ананың бақылауында болуы керек.
Балаңыз шынайы өмірдегі достары туралы айта бастаса, одан ғаламтордағы достары туралы да сұрап, хабардар болып отырыңыз.
Балаңыз үлкендерге қатысты сұрақ қойса, жауап беруден жалтармаңыз. Өйткені ол Сіз бере алмаған жауапты ғаламтор желісінен іздеуі мүмкін және іздеу барысында «үлкендерге арналған» сайтқа тап болуы да ғажап емес.
9-12 жас аралығындағы балағаламтордан қандай ақпарарт алуға болатынын біледі. Олардың ән тыңдап, әлдене оқуға ниеттенуі де қалыпты жағдай. Ғаламтордағы ата-ана бақылауы (Родительский контроль) арқылы керексіз материалдарды бұғаттап тастауға болатынын естен шығармаңыз.
Балаңызға Ғаламтордағы сайттардың бәрі бірдей жақсылыққа үндемейтінін, ақ пен қараны ажырата білуді үйрену керек екендігін түсіндіріңіз.
13-17 жас аралығындағы бала белсенді түрде іздеу тетігін басып, электронды поштаны қолданады және достарымен өзара хабарлама алмасып, компьютеріне музыка мен фильмдер жүктейді. Ұлдар барлық шектеудің шекарасын бұзып, Ғаламтордағы құмар ойындарына қызығып, «үлкендерге арналған» сайттарды қарағанды жақсы көреді. Бұл жастағы балаларды бақылау ата-ана үшін қиынға соғады, себебі балалары Ғаламтордың қыр-сырын ата-аналарынан да жақсы білуі мүмкін.
Балаңыз қандай сайт пен әлеуметтік желіде көбірек отыратынын білуіңіз керек және олар көп отыратын сайт пен әлеуметтік желілерді жақсылап зерттеңіз.
Балаларыңыздың «әлемдік ғаламтордағы» іс-әрекетін мұқият қадағалап отырыңыз: балаңызды интернетте «Емін-еркін» жібермеңіз. Баланың интернеттегі қарым-қатынасына, әсіресе меңгеру кезеңіне белсенді қатысуға тырысыңыз. Балаңызбен интернеттің арқасында қандай жаңалық білгені туралы сөйлесіп отырыңыз және интернеттің қауіптілігі жөнінде үнемі әңгімелесуді ұмытпаңыздар.