Мектептің тарихы » Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің "Алия Молдағұлова атындағы № 28 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Алия Молдағұлова атындағы №28 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 532647
Есепші бөлімі:
+7(7262) 563073
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
маусым
2017

Мектептің тарихы

Мектеп тарихы


 

     №28 орта мектеп 1975 жылы ашылған. Күміс қоңырау үнімен 1975 – 1976 оқу жылы мектеп ұжымы мектепке алғашқы шәкірттерін қабылдады.

     Қазыналы білім ордасына айналған №28 орта мектептің әрбір шәкірті білім көкжиегіне сеніммен ұмтылып, мектеп мақтанышына айналуды мақсат етсе, инемен құдық қазғандай білім тұңғиығының нәрін алған мектеп түлектері бұл күнде республикамыздың барлық аймағында еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда.

     Жамбыл облыстық Еңбекші депутаттары атқару комитетінің 1980 жылғы 13 ақпандағы №67 шешімінің негізінде мектепке Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың есімі берілді.

     Мектебімізде 1994 – 1995 оқу жылы алғаш рет қазақ сыныптары ашылып, аралас мектеп статусы берілді.

     2010 жылғы желтоқсан айынан бастап мектеп жанынан 75 орындық «Көркем – ай» шағын орталығы ашылды.

     40 жыл ішінде осы ұжымда ұрпақ тағдырына алаңдап, мектеп жұмысын жетілдіруге атсалысқан ұстаз атына лайықты бірқатар білікті директорлар басқарған. Мектеп тарихында еңбегімен есімі еленіп, білім ордасында өз қолтаңбасын қалдырған директорлардың алар орны бөлек.

     Мектептің алғашқы директоры – Л.Д.Трухина. Мектепте 1975 – 1979 жылдары басшылық жасады.

     Мектеп директоры қызметін 1979 – 1980 оқу жылы Е.Е.Макушина, 1980 – 1981 оқу жылы Л.Ф.Пашкова атқарды.

     «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтқандай, ұстаз – ұлы ұғым, құрметті мамандық. Сондай ұстаздардың ұстазы болған, талай шәкірттерге білім нәрін сепкен үлгілі ұстаз, қадірменді азаматтың бірі В.Ф.Гиллих 1981 – 1990 жылдары мектепке басшылық жасады.

     1990 – 1991 оқу жылы мектеп директоры қызметін В.С.Хапаев атқарды.

     Бүкіл оқу – тәрбие үрдісін сара жолға салу – мектеп басшысының білім, біліктілігі мен іскерлігіне байланысты. Мектептің міндеті – балаға терең білім мен өнегелі тәрбие беру екенін ескерсек, бұл істі шешуші тұлға – мұғалім. Осындай тұғыры биік тұлғаның бірі - №28 орта мектеп тарихында барлық саналы өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнап, білім ордасының дамуына сүбелі үлес қосып, мектеп мақтанышына айналған Н.В.Сутулова 1991 – 2006 жылдары мектеп директоры қызметін атқарды.

     Ұстаздық бүкіл әлемдегі мамандықтардың атасы екендігі белгілі. Өйткені ұстаз алдынан өтпеген ешкім жоқ. Тіпті ұлы ғұламалар да ұстаздың алдында бас игендігі мәлім. Сондай саналы ғұмырын балалардың білімі мен тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаздардың бірі Н.С.Искандирова 2006 – 2015 жылдары мектепке басшылық жасады.

     2015 жылғы 21 тамыздан бастап мектеп директоры қызметіне Саду Дина Рахметуллақызы тағайындалды.

Похожие публикации:

05 маусым 2017 Мекен жайымыз
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив